«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Эрик тен Хаг АПЛ-дың 24-турында «Астон Вилланы» жеңгеннен кейін (1:0) осы кездесуде жалғыз гол соққан Бруно Фернандештің ойынына жоғары баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Фернандеш - тамаша футболшы. Бірнеше апта бұрын оның капитандығы туралы мәселе көтерілді, өйткені Бруно айқын көшбасшы. Ол «Манчестер Юнайтедтің» жас футболшыларына үлгі. Мұндай ойыншыларсыз жүлделер жеңіп алу мүмкін емес», - деп келтіреді маманның сөзін Sky Sports.

28 жастағы португалиялық футболшы осы маусымда «Манчестер Юнайтед» сапында 31 ойынға қатысып, 6 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.

«Манчестер Юнайтед» 32 ойыннан кейін 63 ұпай жинап, АПЛ кестесінде төртінші орында келеді.