1998 жылғы Франция құрамасы сапында әлем чемпионы атанған Эммануэль Пети ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе әлемнің ең үздік ойыншысы болып, Чемпиондар лигасын жеңіп алғысы келсе, Париждік клубтан кетуі керек деді. Бұрынғы жартылай қорғаушы форвардтың әлі де «Реал Мадридке» ауысу мүмкіндігі бар деп санайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Егер Мбаппе Чемпиондар Лигасын жеңіп, әлемнің ең үздік ойыншысы атанып, «Алтын доп» жеңіп алғысы келсе, ол ПСЖ-дан кетуі керек. Менің ойымша, «Реал Мадридтің» есігі ол үшін әлі де ашық, бірақ екі жыл бұрынғыдай кең емес шығар», - деп келтіреді Петидің сөзін Instant Foot твиттер парақшасы.

Мбаппе былтыр «Реал Мадридке» ауысуы мүмкін еді, бірақ ПСЖ-мен келісімшартын ұзарту туралы шешім қабылдады.