«Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп Англия чемпионатының 34-турындағы «Тоттенхэмге» (4:3) қарсы ойын соңында жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командасының косымша уақытта соққан жеңіс голынан кейін неміс маманы қосалқы төрешіге қарай ұмтылған, бірақ дәл сол сәтте ол жамбасынан ұстап, орнына қайта оралды.

«Жамбасымның жағдайы нашар. Бұл мен өзімді дұрыс ұстамағаным үшін болды. Алдағы бірнеше күнде мен ауырсынуды сезінемін деп ойлаймын, - деп келтіреді Клопптың сөзін Sky Sports.

Юрген Клопп шәкірттері 56 ұпай жинап, Премьер-лига кестесінде 5-орынға көтерілді.