«Ордабасы» бас бапкері Александр Седнев Қазақстан OLIMPBET-Кубогы 1/8 финалы аясында өткен «Мақтааралға» қарсы матчты қорытындылады.

- Келесі кезеңге өткенімізге қуаныштымыз. Қаншалықты парадоксально естілмесін, біз өте жақсы ұйымдасқан команданы жеңдік. Қалай дегенмен де бізге қарсы матчтарда олар жинақы ойнады.

Біздің ойынға келетін болсақ: бірінші матчтағы ойыннан нашарын көрсетеміз деп ойламадым. Әйтсе де, солай болды. Бірінші таймда нашар ойын көрсетті. Ойынға күш-қуат жетіспеді, жинақы ойнамадық. Соның салдарынан, жоқ жерден өз қақпамызға гол жіберіп алдық. Бақытымызға орай, біздің көшбасшылар ойын ұшқын жағуға күш тапты. Сондай-ақ, алаңға жаңа ойыншылардың шығуымен шабуыл шебіне агрессия қосылды.

Енді біз үйдегі матчтар сериясына дайындалуымыз керек. Мұндай алғашқы таймдар қайталанбауы үшін абай болуымыз қажет.