18 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының қақпашысы Владимир Никитин Бірінші дивизионның А тобындағы шайбалы хоккейден IIHF жастар арасындағы әлем чемпионатының 2023 жылғы үздік қақпашысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қақпашы Владимир Никитин турнирдің үздік қақпашысы, сондай-ақ Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы деп танылды. Қақпашы үш матчты «құрғақ» өткізді, шағылысқан соққылардың пайыздық көрсеткіші бойынша көшбасшы болды - 93,64%, сенімділік коэффициенті 1,5», - деп жазады Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметі.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы бес матчта төрт рет матчта Венгрия (3:0), Жапония (5:0), Украина (5:0) және Франция (5:1) құрамаларын жеңіп, бірінші орын алып, топ жарды.