«Әл-Насрдың» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының 24-турындағы «Әл-Раедке» (4:0) қарсы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесуде Роналду гол соғып, 3 матчтық голсыз сериясын үзді.

«Тамаша жеңіс. Жігіттер жарады. Жанкүйерлерімізге ерекше рақмет, олар керемет қолдау көрсетті», - деп жазды шабуылшы әлеуметтік желіде.