Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем чемпионатының басталу қарсаңында ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергеновті таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Команда капитаны – Асланбек Шымбергенов

Туған жылы: 1993 жылы 9 қазан;

Салмағы: 71 кг;

Жетістіктері: 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионы;

Жаттықтырушы: Ермек Ертаев;

Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», - деп хабарлады федерация.

Айта кетейік, Өзбекстан астанасында өтетін әлем чемпионаты мамырдың 1-і мен 14-і аралығында өтеді.

29 сәуірде Қазақстан құрамасы Ташкентке аттанады