Қазақстандық теннисші Андрей Голубев украиналық спортшы Денис Молчановпен жұптасып, Римде өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарсыластары техникалық жеңіліске ұшырап, Голубев пен Молчанов финалға шықты. Олар франциялық Думбия/Ребул дуэтіне қарсы ойнауы керек еді.

Финалда теннисшілер Дурасович/Ромболи - Баррьентос/Кабраль матчының жеңімпазымен кездеседі.

Еске салайық, Голубев Молчановпен жұптасып, екінші айналымда Д.Идальго (Эквадор) / П.Никлас-Салминен (Финляндия) дуэтін 6:3, 2:6, 10:4 есебімен жеңген болатын.

Турнирдің финалы ертең, 29 сәуірде өтеді.