Ресейлік Cloud9 ұжымы Brazy Party 2023 турнирі аясында Sprout командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ашылу матчында Абай HObbit Хасеновтің командасы еуропалық Sprout командасын 2:1 есебімен жеңді (Anubis-те - 19:17, Overpass-та - 16:19 және Ancient-те - 16:14).

Brazy Party турнирі 26 сәуір мен 3 мамыр аралығында онлайн форматта өтіп жатыр. Жалпы жүлде қоры 333 мың АҚШ долларын құрайды.