«Баварияның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Бастиан Швайнштайгер клубтың жаңа спорт директоры болуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Abendzeitung мәліметінше, «Бавария» басшылығы қазіргі спорт директоры Хасан Салихамиджичтің жұмысына көңілі толмай отыр. Оның болашағы туралы мәселе клуб Оливер Канды директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен босату туралы шешім қабылданғанда шешілуі мүмкін.