Хан-Тәңірі футбол клубы команда бас жаттықтырушысы болып Дмитрий Алексейұлы Огайдың тағайындалғанын қуана хабарлады.Дмитрий Алексейұлы “Ертіс” “Тобыл” “Қайрат” “Жетісу” футбол клубтарында бас бапкер қызметін атқарған.

2002 және 2003 жылдары бапкер ретінде Қазақстан премьер лигасының чемпионы атанып, 2007 жылы Интертото кубогын жеңген болатын.

2002-2008 жылдар аралығында, 9 жыл қатарынан жүлделі орындардан көрінді.

2002,2003,2005 жылдары Қазақстанда жыл бапкері атанып, ең көп титул жеңген Қазақстандық бапкер атанып отыр.