Қазақстандық Елена Рыбакина жұптық сында Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге бастапқы кездесуін жапониялықтар Шуко Аояма - Ена Шибахарамен өткізді.

Қазақстандық-ресейлік жұп биыл жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жеткен қарсыластарын ойсырата ұтты - 6:0, 6:1.

Небәрі 51 минутқа созылған матчта Е.Рыбакина мен А.Павлюченкова 4 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді.

Жарыстың екінші айналымында Рыбакина мен Павлюченкова мажарстандық Тимеа Бабош - қазақстандық Анна Данилина немесе украиналық Марта Костюк - румыниялық Елена Габриэла Рузе жұптарының біреуімен шеберлік байқасады.

Елена Рыбакина жекелей сында екінші айналымда ресейлік Анна Калинскаямен ойнайды.