Қазақстандық спортшы Санжар Тәжиев Nomad FC лигасындағы алғашқы жекпе-жегінде Закир Муслимовпен кездесті.

Тәжиев қарсыласын жойқын соққысымен сұлатып түсіріп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.

Еске салайық, 10 маусымда Алматы Аренада кең ауқымды Nomad Fighting турнирі жоспарланған, оның хедлайндері танымал қазақстандық актер және файтер Еркебұлан Тоқтар, сондай-ақ Эмиль «Гладиатор» Новрузов болады.

Сондай-ақ, салтанатты кеш аясында жартылай орта салмақтағы Шерзод Абдужаппаров пен Темерұлан Шашубай арасындағы бірінші гран-при финалы өтіп, чемпиондық белбеу мен 5 000 000 теңге жүлденің иесі анықталады.

Nomad FC лигасының ресми серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі.