«Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев команда ойыншыларына жаңа бас бапкер - Асқар Қожабергенов пен оның көмекшісі - Сергей Климовты таныстырды.Бұған дейінгі Алмас Құлшынбаевпен болған келісім-шарт екі тараптың келісімімен бұзылды. Асқар Қожабергенов «Есиль-Богатырь» (Петропавл), «Ертіс» (Павлодар), «Тобыл» (Қостанай) сынды командаларды баптаған.

2014-2015 жылдары «Жетісуды» жаттықтырған. Сол жылы жетісулықтар Қазақстан Чемпионатында екінші орынға тұрақтап, күміс жүлде иеленген болатын. 2012 жылдан бері Қазақстан футбол лигасы кеңесінің төрағасы міндетін атқарады.