ММА ардагері Әділ Боранбаев (21-9-1) 29 сәуірде Алматыда өткен OCTAGON 44 турнирінде жеңіліп көрмеген Магомед Магомедовпен (11-0) ұйымның жартылай орта салмақтағы чемпиондық атағын сарапқа салады, деп жазады Prosports.kz.

Осы жекпе-жек алдында еуразиялық промоушен 37 жастағы файтерге арналған шағын фильм шығарды.

Айта кетейік, Боранбаев 2016 жылы Астанада өткен «Көшпенділер айқасы» турнирінде қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтан мерзімінен бұрын жеңілген болатын.

Айта кетейік, алдағы турнир аясында актер Еркебұлан Тоқтар, бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипова, танымал қазақстандық блогер Әділет «Упучук» Айтжанов және белгілі отандық файтер Олжас Есқараев өнер көрсетеді.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Кешке билетті zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады