WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) канадалық Стивен Батлерге қарсы кзедесуіне дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жәнібек 13 мамырда Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) өтетін титулды қорғау жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Оның қарсыласы канадалық Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО) болады.

Әлімханұлы Instagram парақшасында жаттығу сәтінен видео жариялап, «Құдай қаласа, 13 мамырда», — деп жазды.