Еуразиялық промоушеннің баспасөз қызметі ресми Telegram-арнасында OCTAGON 44 турнирінің 10 билеті ойнатылатынын хабарлады, деп жазады Prosports.kz

29 сәуірде өтетін жекпе-жек кешінің билетін ұтып алу үшін Telegram-да @octagonleague арнасына жазылып, «OCTAGON 44 билетін алғым келеді!» деген батырманы басу керек. 28 сәуір күні сағат 20:00-де бот жеңімпазды кездейсоқ түрде анықтайды.

Айта кетейік, алдағы турнир аясында бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипова, танымал қазақстандық блогер Әділет «Упучук» Айтжанов және белгілі отандық файтер Олжас Есқараев өнер көрсетеді.

Негізгі жекпе-жекте танымал теле және кино актері Еркебұлан Тоқтар (5-2) жартылай жеңіл салмақта ирандық Паям Назаримен (3-1) кездеседі.

Кештің басты жекпе-жегінде Магомед Магомедов (11-0) қазақстандық ММА ардагері Әділ Боранбаевқа (21-9-1) қарсы жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулын қорғайды.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Кешке билетті zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады