Санкт-Петербургте өткен бокс кешінде жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұл (8-5, 6 КО) жеңіліп көрмеген ресейлік боксшы Виталий Петряковтан (15-0, 11 КО) жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетейік, отандасымыз кейінгі жекпе-жегін 19 қарашада Екатеринбургте өткізіп, ресейлік боксшы Сергей Лубковичке (15-0, 10 КО) төрешілер шешімімен есі жіберген болатын.

23 жастағы Виталий Петряков өзінің алдыңғы жекпе-жегін 2022 жылы 27 қыркүйекте Прокопьевскіде өткізді, онда никарагуалық Роберто Арриасаны (19-6, 14 КО) алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді.