Бүгін ұзындығы 170 шақырымды құрайтын «Романдия туры» жарысының бірінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезеңді Soudal - Quick Step командасынан британдық велошабандоз Этан Вернон жеңіп алса, Trek - Segafredo командасынан бельгиялық Тибау Нис екінші, Lotto Dstny командасынан Милан Ментен үшінші болды.

Астана сапынан Джанмарко Гарофоли үздік нәтиже көрсетті, ол кезеңді 12-ші болып аяқтады.