Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Тбилисидегі (Грузия) турнирдің жекелей сынында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Григорий Ломакин грузиялық теннисші Гиорги Цивадзені 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

1/8 финалда Ломакиннің қарсыласы тағы бір грузиялық теннисші Саба Пурцеладзе немесе Лаша Гиорги Киквидзе болады.

Бұған дейін Григорий Тбилисидегі турнирдің жұптық сынында Саба Пурцеладземен жұптасып ганалық Абрам Асаба мен аустралиялық Митчелл Харпер дуэтінен 7:5, 2:6, 8:10 есебімен жеңіліп қалған болатын.