«Сауль Альварес - Джон Райдер» бокс кешінде шаршы алаңға көтерілетін Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы өзгерді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Бастапқыда отандық боксшы Мексика өкілі Хесус Моройоки Паломареспен жұдырықтасуы керек болған. Ол кездесу сегіз раундқа жоспарланған еді. BoxRec.com басылымы ұсынған ақпаратқа сәйкес, Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы өзгерген. Ол енді мексикалық Фабиан Риос Фраустомен жекпе-жекке шығады.

Айта кетейік, Әбілхан Аманқұл 1997 жылы 14 шілдеде Жамбыл облысында өмірге келген. Ол - әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сонымен қатар боксшы Азия біріншілігінде үшінші орыннан көрінген.