Сәуірдің 26-сы күні Анжеде (Франция) І дивизионның А тобындағы 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үшінші кездесуінде Даниямен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы екі турда Сергей Старыгиннің шәкірттері Венгрия (3:0) және Жапония (5:0) құрамаларымен кездесуде жеңіске жетті. Жерлестеріміз көш басында. Даниялықтар өз кезегінде жапондықтардан ұтылып (3:5), Украина құрамасын жеңді (5:1), соның арқасында Жапония және Венгрия құрамаларымен екінші-төртінші орындарды бөлісіп отыр.

Қазақстан - Дания матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 16:30-да басталады.