Танымал ESPN инсайдері Майк Коппингердің айтуынша, WBC International тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы қазақстандық чемпион Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) 1 шілдеде Солтүстік Америкадағы алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл күні 34 жастағы қостанайлық спортшы Толедода (Огайо, АҚШ) жеңіліп көрмеген америкалық Джаред Андерсонмен (14-0, 14 КО) жұдырықтасады.

Бұл жекпе-жек ESPN бокс кешінде өтеді. Джаред Андерсон ESPN-тің ауыр салмақ рейтингінде 8-ші орында. Кособуцкий өз кезегінде Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) рейтингінде ауыр салмақ дәрежесінде осындай қатарда орналасқан.