Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) америкалық Джаред Андерсонмен (14-0, 14 КО) жұдырықтасуға келісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Майк Коппингердің ESPN ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, жекпе-жек 1 шілдеде Андерсонның туған қаласы Толедо қаласында (Огайо, АҚШ) өтеді және ESPN шоуының басты кездесуі болады.

23 жастағы Джаред Андерсон кейінгі жекпе-жегін биыл 8 сәуірінде Ньюарк қаласында (АҚШ, Нью-Джерси) өткізіп, доминикандық Джордж Ариасты (18-1, 7 КО) мерзімінен бұрын жеңді.

34 жастағы Жан Кособуцкийдің бұған дейінгі жекпе-жегі былтыр 5 қарашада Оберхаузенде (Германия) өтіп, ол неміс боксшысы Хусейн Мұхамедті (17-1, 14 КО) үшінші раундта нокаутқа түсіріп.