Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде америкалық Клэр Люді жеңіп, екінші айналымға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 6:4, 6:4 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші екінші айналымда франциялық Каролин Гарсиямен кездеседі.

Мадридтегі WTA 1000 турнирі 25 сәуір мен 6 мамыр аралығында өтеді. Жарыстың жүлде қоры 7 705 780 еуроны құрады.