Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сағадат Рахманқұл (8-4, 6 КО) келесі жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

26 сәуірде Рахманқұл Санкт-Петербургте (Ресей) бокс кешінде өнер көрсетеді. Қазақстандықтың қарсыласы жеңіліс көрмеген ресейлік Виталий Петряков (14-0, 11 КО).

Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Жекпе-жек қарсаңында Рахманқұл таразыда 67,6 кг, Петряков 66,95 кг көрсетті.