Қазақстандық боксшылар 2023 жылы Ташкентте (Өзбекстан) өтетін әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алса, қомақты ақшалай сыйақы алады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңімпаздарға Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ресми сыйақысы – «алтын» үшін 200 мың доллардан бөлек, Қазақстан бокс федерациясының 100 мың доллары да беріледі, деді ҚФБ басшысы Кеңес Рақышев. Осылайша, 2023 жылғы әлем чемпионатының жеңімпаздары үшін жалпы жүлде қоры 300 000 долларды құрайды.

Ташкентте өтетін әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының құрамы төмендегідей: Санжар Ташкенбай (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (63,5 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) кг), Қамшыбек Күнқабаев (+92 кг).