«Алтай» Вьетнамда өтіп жатқан волейболдан әйелдер арасындағы клубтық Азия чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы ойында «Диамонд Фуд - Файн Чеф» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өскемендік клубтың спортшылары тайлықтарды ұтып, турнирді оң нәтижемен бастады.

Клубтар арасындағы Азия чемпионаты. Әйелдер. Вьетнам

Матч 3:2 (22:25,19:25,25:22,25:14,15:11) есебімен аяқталды.

Айта кетейік, қазақстандық команданың топтағы келесі қарсыластары - «Хувсгул Эрчим» (Моңғолия), «Ляонин» (Қытай) және «Хип Хинг ВБ Клаб» (Гонконг).