«Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы Қазақстан Чемпионатының 7-туры аясындағы «Ордабасыға» (2:2) қарсы ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жоао, «Ордабасыға» қарсы ойын туралы пікірің қандай?

– Жанкүйерлер үшін матч таңғажайып, эмоцияға толы болды деп ойлаймын. Қиын матч болатынын түсіндік, өйткені «Ордабасыда» тамаша команда жиналған. Бұл матчта жеңіске жететін мүмкіндік болды, бірақ нәтиже таблодағыдай. – Дәл «Астанаға» қарсы матчтағыдай тағы да екі гол соқтың. Айтшы, бұл ойындарда көп гол соғудың сыры неде? Мүмкін позиция мен тактиканың өзгеруі әсер етті ме?

– Мен күн сайын жаттығу жасап, матчты жақсы өткізуге көңіл бөлемін. Мен өз командама алаңда гол соғып немесе нәтижелі пас беріп, қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Мен әрқашан ойнауға дайынмын және команда барынша жетістікке жетуі үшін қай позицияда ойнау керектігін шешетін бапкердің шешімін толығымен қолдаймын. – «Ордабасыға» қарсы матчтарда ерекше жігерленіп ойнайсың деген ой туындайды. Бұрынғы клубқа қарсы матчтар сен үшін маңызды ма?

– Менің «Ордабасыға» деген ыстық ықыласым ерекше екенін бәрі біледі, себебі сонда мен көп уақыт өткіздім, бірақ қазір «Қайраттың» атын қорғаймын. Ал мен үшін ерекше матчтар жоқ. Әр ойын мен үшін соңғы ойын сияқты көрінеді. – Екі голды да қатты тойладың. Алғашқы голыңды трибунада отырған кімге арнадың?

– Қандай матч болмасын, гол соғуға мүмкіндігің болған кезде керемет эмоцияда боласың. Соңғы матчта бұл голдарды апта бойы қызуы көтерілген ұлдарым Маноэль мен Мигельге арнадым, тіпті осы күйінде де олар стадионға келіп, сол матчта гол соғуымды өтінді. – Стадиондағы атмосфера қандай?

– Атмосфера керемет болды. Матч бойы бізге қызу қолдау көрсеткен жанкүйерлерге рақметімді айтамын. Сіздердің осындай қолдауларыңыз бізге әрқашанда керек!