Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (3-0, 3 КО) 6 мамырда Гвадалахарада (Мексика) өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді, кештің басты жекпе-жегінде «Канело» мен британиялық Джон Райдер кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Аманқұл мексикалық Фабиан Риос Фраустомен (7-6-3, 4 КО) жұдырықтасады. Бұған дейін оның қарсыласы тағы бір мексикалық боксшы Хесус Паломарес болатыны хабарланған болатын.

Айта кетейік, бұл кеште тағы бір қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (9-0, 7 КО) те өнер көрсетеді, оның қарсыласы Аргенис Эспанья (15-1, 14 КО) болады.