«ПСЖ» мен лондондық «Тоттенхэмнің» бұрынғы бапкері Маурисио Почеттино «Челсиді» жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы сайты инсайдер Никола Скира хабарлады.

«Маурисио Почеттино шілде айынан бастап «Челсидің» жаңа бапкері болуы мүмкін. Қазір тараптар ауызша келісімге келді», - деп жазды Скира.

Айта кетейік, аргентиналық маман 2014-2019 жылдар аралығында «Тоттенхэмді» жаттықтырды, 2018/2019 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының финалына шықты.