Ресейлік боксшы Дмитрий Двали алдағы әлем чемпионатында алтынға негізгі бәсекелестерді атады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әлем чемпионатында әлсіз қарсылас болмайды, мен өзбекстандық, қазақстандық және кубалық спортшыларды басты бәсекелестер санаймын. Бірақ күтпеген жағдайлар болуы мүмкін, сондықтан мен жекпе-жектің кез келген стилі мен мәнеріне бейімделемін», - деді Двали.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 1 мамыр мен 14 мамыр аралығында Ташкентте өтетін әлем чемпионатына қатысады. Боксшылар 12 салмақ дәрежесінде медальдарды сарапқа салады. Еуропаның көптеген елдері Ресей мен Беларусь спортшыларына жарысқа қатысуға рұқсат берілгендіктен турнирде өнер көрсетуден бас тартты.