Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында неліктен қазақша сөйлемейтінін түсіндірді.

Оның сөзінше, тіл үйренуге әзірге уақыт тапшы көрінеді. Дегенмен тырысатынын да жасырмады.

«Менің кестем өте тығыз. Біздің отбасында негізінен орыс тілінде сөйлейді. Қазақшаға уақыт жоқ. Сәуірде мен үш турнир ойнаймын делік, мамырда екеуі жоспарланған, сондықтан... Мұнда таңдау керек шахмат немесе тілдерді үйрену. Бірақ мен тырысамын», – деп жазды ол.

Артынша оқырманының тағы бір сұрағына отбасында қазақша сөйлемейті туралы жауап берді.

«2 жасқа толғанда биологиялық әкем бізді тастап кетті. 15 жыл бойы мен өгей әке тәрбиесінде болдым. Ол қазақ емес, шешен. Содан да болар біз үйде орысша сөйлейміз», - деп жазды.