Танымал қазақстандық шахматшы, гроссмейстер Жансая Әбдімәлік тұрмыс құрды.
Халықаралық шахмат шебері қуанышты хабармен Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Белгілі болғандай, күйеу жігіт – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы, 34 жастағы Нұрахмет Нұриев.
«Барған жеріңізде бақытты болыңыз! Бүгін отандық шахматтың мақтанышы, гроссмейстер Жансая Әбдімәлік тұрмыс құрды. Жас отбасыға бақыт, береке тілейміз!», - деп құттықтады Қазақстанның шахмат федерациясы.
Комментарии