Ташкентте өтетін бокстан әлем чемпионатында өнер көрсететін Қазақстан ерлер құрамасының құрамы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты kfb.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір ұлттық құрама боксшылары Шымкент қаласындағы «Алма-Тау» базасында соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Бас бапкер Мырзағали Айтжанов әлем чемпионатына қатысатын боксшылардың есімін атағаннан кейін, ақсақалдар «батасын» беріп, Қазақстан бокс федерациясының басшылығы өз тарапынан бағыт-бағдар мен нұсқауларын жасады.

Өзбекстан астанасында Қазақстан атынан өнер көрсететін боксшылар:

48 кг: Санжар Тәшкенбай51 кг: Сәкен Бибосынов54 кг: Махмұд Сабырхан57 кг: Серік Теміржанов60 кг: Талғат Сырымбетов63,5 кг: Санатәлі Төлтаев67 кг: Дулат Бекбауов71 кг: Асланбек Шымбергенов75 кг: Нұрқанат Райыс80 кг: Нұрбек Оралбай86 кг: Сағындық Тоғамбай92 кг: Айбек Оралбай+ 92 кг: Қамшыбек Қонқабаев.