Ultimate Fighting Championship Mixed Martial Arts League Қазақстан уақыты бойынша 23 сәуір күні таңертең Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC Vegas 71 турнирінің қорытындысы бойынша бонустар берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеште үздік өнер көрсеткен спортшы 50 мың АҚШ доллары көлеміндегі жүлденің иегері атанды. Негізгі жекпе-жекте америкалық Кертис Блейдесті бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген ресейлік Сергей Павлович бұл қомақты қаржыға ие болды.