22 сәуірде Алматы мен Рудный қаласында футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңі жартылай финалының алғашқы матчтары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылық «Қайрат» финал жолдамасын «Атыраумен» сарапқа салады. Алматы уақытымен 13:00-де басталатын қос команда арасындағы алғашқы кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Екінші жұпта рудныйлық «Аят» пен «Ақтөбе» кездеседі. Бұл жұптағы алғашқы кездесудің тікелей трансляциясы сағат 17:00-де басталады. Оны рудныйлық клубтың Youtube-арнасынан мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Фото afckairat.kz