Жұма, 21 сәуірде Астанада шахматтан 2023 жылғы әлем чемпионы атағы үшін текетірес жалғасып, онда ресейлік Ян Непомнящий мен Қытай өкілі Дин Лирен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік ақ фигуралармен ойнады, 82-ші жүрісте тең есеп тіркелді.

Кеш алты сағатқа жуық уақытқа созылды. Матчтағы есеп 5-4 Янның пайдасына.

Келесі ойын 23 сәуірде өтеді.