Алматыда 16 жастағы футболшы Мадияр Нұрахмятовты көлік қағып кетіп, салдарынан ол қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға жас футболшы ифтар үшін жүргізушілерге құрма мен су таратып жатқан кезде болған. Мадияр дұрыс емес жерден жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, автобус жолағында келе жатқан жеңіл көліктің астына түскен.

Аталған оқиға Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалды.