Қазақстандық файтер және әлемдегі ең үздік UFC промоушенінің өкілі Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова NAIZA 51 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның промоутер чемпионы Валерия Карыгинамен жекпе-жегі ресми жарияланды. Дегенмен ресейлік спортшы қазақстандық файтер қыздың салмақ дәрежесіне көтеріледі, сондықтан ұйымның белбеуі бәске тігілмейді.

Рахмонованың кәсіпқой мансабында 3-1 рекорды бар, төрт жекпе-жегін де NAIZA промоушенінде өткізді. Валерия әйелдер арасында ең бірінші болып лига чемпионы атанды.