Бүгін ұзындығы 144,5 шақырымды құрайтын «Альпі туры» көпкүндік веложарысының финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соңғы жарыста EF Education-EasyPost өкілі Саймон Карр топ жарды. Бұл команданың тағы бір шабандозы Георг Штайнхаузер мәреге екінші келді. BORA hansgrohe командасындағы Маттео Фаббро үшінші орын алды.

«Астана» шабандозы Антонио Нибали соңғы кезеңде (12-орын) команда сапында үздік нәтиже көрсетті, ал америкалық шабандоз Джо Домбровски бүкіл жарыс қорытындысы бойынша командадағы үздік шабандоз атанды (24-орын).