Кәсіпқой боксшы Генадий Головкиннің ай сайын қанша табыс табатыны және жалпы байлығы қанша екені белгілі болды. Деректі Сaknowledge.com сайты жинақтады.

Дерекке сүйенсек қазақстандық спортшының дәл қазіргі уақытта байлығы 35 миллион долларға бағаланады. Бұл теңгеге шаққанда 15,7 миллиард теңге. Ақпарат Wikipedia, Forbes, Bloomberg интернет-ресурсы бойынша жинақталған. Сонымен қатар Головкиннің ай сайын шамамен 0,1 миллион доллар табатыны да жазылып отыр. Орта есеппен алғанда сол табыс жылына 3 миллион долларды құрайды.

Ақпаратта спортшының 2022 жылы байлығы - 32 миллион доллар болғаны, ал 2021 жылы - 29 миллион долларға, 2020 жылы – 26 миллион, 2019 жылы – 24 миллион, 2018 жылы - 23 миллион долларға бағаланғаны көрсетілен.