«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев Қазақстан Кубогының 1/8 финалы аясында өткен «Мақтааралға» қарсы матчты қорытындылады.

- Ең бірінші кезекте бірінші тайм ұнамады. Ойынды өз қолымызға ала алмадық, мұны немен байланысты екенін білмедім. Себебін іздейміз. Ары қарай да бұлай болуы мүмкін емес.

Матчқа келер болсақ, мұндай көп үзіліс болған ойын есімде жоқ. Ешкім алаңда не болып жатқанын түсінбеді. Матч өте ұзақ өткендей көрінді және оны қызық болды деп айта алмаймын. Допты құр алдыға лақтырып... Біздің команданың ойыны кейбір ойыншыларға тәуелді екені мені шошытады.

Бұл жеңіліс негізгі құрамнан орын алғысы келетіндердің басына тиеді деп үміттенемін. Ал бізде жауаптан гөрі, сұрақ өте көп. Десе де, алда жауапты матч бар. Бұдан бөлек, чемпионаттың ойыны күтіп тұр. Бұл ойынның біз үшін маңызы жоғары.

- Бірінші таймда Мамоду Мбоджи жарақат алғанын көрдік. Оның денсаулығы туралы ақпарат бар ма?

- Жылдам ақпарат жоқ. Басында алмастыруымды сұрады, артынша ойнай алатынын айтты. Мұны да қарастырамыз. Алдағы уақытта дәрігерлер бір қорытындысын айтады.