Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Босния және Герцеговинаның Баня-Лука қаласында өтіп жатқан АТР 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

Александр Недовесов португалиялық Франциско Кабралмен бірге ширек финалда доданың үшінші ракеткалары болып тіркелген франциялықтар Садио Думбия – Фабиен Ребульмен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-португалиялық жұп 7:6 (7:5), 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында А.Недовесов пен Ф.Кабрал 2 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Франциялық жұп 2 эйс, 1 брейктен (7 брейк-пойнт) аса алмады.