Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Босния және Герцеговинаның Баня-Лука қаласында өтіп жатқан АТР 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге ширек финалда швециялық Андре Горанссон – жапониялық Бен Маклахланмен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-украиналық жұп бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде 6:3, 6:1 есебімен басым түсті.

А.Голубев пен Д.Молчанов финалға шығу үшін ұлыбританиялық Джейми Маррей – жаңазеландиялық Майкл Винус немесе эквадорлықтар Гонсало Эскобар – Диего Идальго жұптарының қай жеңгенімен таласады.

Баня-Лука додасында тағы бір қазақстандық Александр Недовесов португалиялық Франциско Кабралмен бірге бастапқы кездесуінде хорватиялықтар Иван және Матей Шабановтарды 6:4, 6:4 есебімен ұтты.

А.Недовесов пен Ф.Кабрал ширек финалда франциялықтар Садио Думбия – Фабиен Ребульмен кортқа шығады.