18-25 маусымда Қырғызстанда Орталық Азия волейбол қауымдастығының (CAVA) Ұлттар лигасы турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Жарысқа жеті команда қаысады.

19 сәуірде жеребе тарту рәсімі өтті, командалар нөмір мынадай болды: 1. Қырғызстан, 2. Непал, 3. Пәкістан, 4. Өзбекстан, 5. Қазақстан, 6. Иран, 7. Түрікменстан.

Командалар алдымен айналмалы жүйе бойынша турнир өткізеді (бір матчтан). Оның қорытындысы бойынша алғашқы екі орынды иеленген командалар финалдық кездесуде жеңімпазды анықтайды. Үшінші және төртінші орын алған командалар қола жүлдеге таласады.