Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) чемпиондық атағын екінші рет қорғауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

30 жастағы қазақстандық боксшы Twitter парақшасында жаттығу сәтінен видео жариялады. Қазір Жәнібек спарринг жүргізіп жатыр, аптаның соңында ол 12 раундтық спарринг өткізеді.

Айта кетейік, Әлімханұлы 13 мамырда Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) титулды жекпе-жекке шығады.