20 сәуірде Сувон қаласында (Оңтүстік Корея) хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы І дивизионның В тобындағы үшінші кездесуінде Словения құрамасымен ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының кезекті қарсыласы Италия болмақ, олар екі турдан кейін 4 ұпай жинап, екінші орында келеді. Италия бұған дейін Оңтүстік Кореядан жеңіліп(1:2), Ұлыбританияны (2:0) ұтты.

Ал Қазақстан құрамасы қазірше турнирде ұпай жинамаған жалғыз команда. Алғашқы екі турда қазақстандық ойыншылар Ұлыбритания (0:1) және Словениядан (1:2) жеңілді.

Италия – Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 12:45-те басталады.