Қазақстандық теннисші Андрей Голубев украиналық спортшы Денис Молчановпен бірге Баня-Лукада өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымдағы кездесуде Голубев/Молчанов жұбы А.Горанссон (Швеция)/Б.Маклахлан (Жапония) дуэтін 6:3, 6:1 есебімен ұтты.

Айта кетейік, матч 1 сағат 14 минутқа созылды.

Андрей Голубев пен Денис Молчанов финалға шығу үшін Д.Мюррей/М.Винус - Г.Эскобар/Д.Идалго матчының жеңімпазына қарсы ойнайды.