Кәсіпқой бокста жеңілмеген қазақстандық боксшы Анджелина Лукас (3-0, 2КО) Prosports.kz сайтына берген сұхбатында Ыстамбұлда (Түркия) өтетін титулдық жекпе-жекке дайындық туралы айтып берді.

- Ангелина, Стамбулдағы алдағы жекпе-жекке дайындық қалай жүріп жатыр? Қарсыласыңыз туралы не айта аласыз?

- Рахмет бәрі жақсы. Қазақстанда жекпе-жекке дайындалып жатырмын. Мықты спарринг серіктестер келді. Мексикалық қарсылас – Ана Аррасола. Тәжірбиелі, Қазір оны зерттеп жатырмыз. Жеңіске жету үшін бәрін жасаймын.

– 2023 жылға қандай мақсаттар қойдыңыз? Қанша жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырсыз?

- Қазіргі уақытта басты назарым осы жекпе-жекте. Әрі қарай жағдайға көреміз.

– Жақында Үндістанда әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Турнирді бақылап көрдіңіз бе? Құраманың деңейі қалай?

- Әрине, қарадым. Оның үстіне мен көптеген қарсыластарды білемін, көбісімен рингте кездескем. Біздің команданың өнерін тамашалау қызықты болды. Жанкүйер болдым. Қыздар жақсы тәжірибе алды деп ойлаймын.

– Келесі жылы Олимпиада Парижде өтеді. Іріктеу турниріне қатысуға мүмкіндігіңіз бар ма?

- Уақыт көрсетеді. Әрбір боксшының өмірінің мәні – Олимпиада. Тағдыр жазса, іріктеуде қуана өнер көрсетемін.

– Қазір ММА-да өнер көрсету сәнге айналды. Аралас жекпе-жектен бағыңызды сынап көру ойыңызда бар ма?

- Жоқ, бұл ешқашан жоспарланған емес. Мен боксшымын және бұл спортты ештеңеге айырбастамас едім.

– Қазақ боксшыларын бақылайсыз ба? Чемпиондық белбеуді келесі кім алады деп ойлайсыз?

– Бізде таланттар көп. Елімізде жыл сайын кәсіпқой бокс дамып келеді. Көп ұзамай көшбасшы болып, ел туын желбірететін боксшыларымыз көп болады деп ойлаймын.

Еске салайық, 30 сәуірде Ыстамбұлда (Түркия) Ангелина Лукас WBC International тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы титул үшін мексикалық Ана Аррасоламен (28-16-3, 14КО) жұдырықтасады.